KZ Блогы Adal Rehab
Құрметті оқырмандар!
			<description>Құрметті оқырмандар, «Adal Rehab» оңалту орталығының блогына қош келдіңіздер.</description>
Құрметті оқырмандар!
№2 мақала
			<description>«Adal Rehab» орталығындағы авторлық бағдарламаның басты мақсаты - жаңа ойлаужүйесін қалыптастырып, өмірді жаңаша сүруге үйрету.</description>
№2 мақала
«Adal Rehab» орталығындағы авторлық бағдарламаның басты мақсаты - жаңа ойлау